С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да мектепке дейінгі білім және тәрбие беру бойынша Х республикалық студенттік пәндік олипиаданың ашылуы өтті.
Олимпиадаға «Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру» мамандығының күндізгі бөлімінде оқитын 2-3 курс студенттері қатысуда.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген өзінің құттықтау сөзінде былтырғы осындай олимпиадада ШҚМУ командасы бірінші орын алғандықтан биылғы сайыс бізде өтіп жатқанын атап өтті.
Олипиада бағдарламасы шығармашылық, теориялық байқаулардан тұрады. Мұнымен қоса, зияткерлік марафон және жобалар конкурсы да өтеді.
Іс-шара аясында, сондай-ақ, «Табыс формуласы: білім + кәсіпқойлық = балабақша» тәжірибелік байқауы да ұйымдастырылады.
Фото https://cloud.mail.ru/public/nzaf/26aygq7VH
Баспасөз қызметі