Университет ректоры М. А. Төлеген Өскемен қаласында орналасқан Назарбаев зияткерлік мектебінде «Мектепке университеттен алғыс» атты акциясын бастады.
Акцияның мақсаты – мектептердің педагогагтар ұжымына жоғары кәсіпқойлығы және университетпен ұзақ мерзімді ынтымақтастығы үшін алғыс білдіру. Университеттің акциясына Өскемен қаласының мектептері қосылды.
Проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері және университеттің жетекші оқытушылары мектептердің педагогтар ұжымына алғысын білдірді.
Түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтаймыз және vkgu.kz сайтында оқу шартымен танысуға шақырамыз.
Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы