С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің хатшысы Меруерт Қазбекова бастаған жұмыс тобы болды.
Топта «Nur Otan» мен «Jas Otan» өкілдері, Қазақстандағы адам құқықтары бойынша өкілетті тұлға Эльвира Әзімова болды.
Меймандар студенттердің «PARASAT» қызмет көрсету орталығындағы жатақханаға орналасу тәртібімен танысты, университет басшылығымен, мамандарымен және студенттерімен әңгімелесті.
Мұнымен қоса, топ мүшелері Студенттер үйлерінде, жаңа фитнес орталықта болып, студенттердің тұрымысымен, демалыс жағдайларымен танысты.
Сондай-ақ, М. Қазбекованың жетекшілігімен «Nur Otan» партиясының кеңейтілген отырысы өтті, оған партия мүшелері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген және қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы Г. Байыркенова қатысты.
Баспасөз қызметі