- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ халқының рухани дамуындағы мемлекеттік бағдарламалар» тақырыбында «Намыс» ғылыми-студенттік үйірмесінің отырысы өтті.
Отырыста үйірме жетекшісі Майра Шүршітбай мемлекеттік бағдарламалар туралы мәлімет беріп, атқарылған іс-шараларды сөз етті. Ал, студенттер, үйірме мүшелері Күнтуған Алтынғадыс «Ұлы даланың жеті қыры», Бақытбек Жоламан «2019 жыл – Жастар жылы», Өнер Айсұлу «Шығыс Қазақстанның киелі жерлері» баяндамаларын оқыды.
Соңында жиналған студенттер мен оқытушылар мемлекеттік бағдарламалар және атқарылған істерге талдау жасады.
М. Шүршітбай,
үйірме жетекшісі