- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №5 студенттер үйінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" атты мақаласын түсіндіру мақсатында студенттермен жиналыс өтті.
2017 жылдың 25 қыркүйегі күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №5 студенттер үйінде "Нұр Отан" партиясы Өскемен қалалық филиалының бірінші орынбасары Екібасова Майраш Шайзадақызының және «Жастар ресурстық орталығының» -директоры Ринат Аxмеджановтың, стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Мырзағалиева Анар Базарқызының қатысуымен Елбасымыз Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" атты мақаласын түсіндіру мақсатында студенттермен жиналыс өтті. Жиналыс барысында, студенттер көкейтесті сұрақтарын қойып, 90- ға жуық студент "Нұр Отан" партиясына мүшелікке қабылдануға өтінішін білдірді. Жиналыс барысында тек маңызды тақырыптар талқыланып қана қоймай, ауыз толтырып айтарлықтай жобалар жоспарланды. Елбасының мақаласын тұжырымдай келе, руxани жаңғыру-адам қоғамы үшін қажет дүние, тың әрі игі бастама. Мақала әрқайсымыздан жаңашылдық пен жасампаздыққа деген ұмтылысты қажет етеді.
Жаңару арқылы жарқын болашаққа жетейік!
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың "Жас Отан" жастар қанатының бастауыш бөлім жетекшісі Басбақбаев Қайыржан Серікұлы