Бастауыш ұйым жиынына «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова, «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиялы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Маржан Бақыт қатысты.
Жиналыста ШҚМУ «Жас ұрпақ» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Ирина Ровнякова сөз алып, ұйымның 2017-2018 жылдардағы жұмысы туралы, партия мүшелерінің партиялық жобалар мен акцияларға қатысуы туралы баяндады.
Келесі кезекте ШҚМУ «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Қайыржан Басбақбаев есеп берді.
Партияның белсенді мүшесі Гүлмира Байыркенова өз сөзінде бастауыш партия ұйымдарын белсенді ету тұжырымдамасы туралы айтып, партиядағы мүшелік сапалы болуы тиіс екенін, партияға белсенді, жетістіктері бар, шешендік қабілетке ие адамдар қабылдануы тиіс екенін баса айтты.
Жиында бастауыш партия ұйымының төрағасы ретінде бірауыздан университет ректоры М.Ә. Төлеген сайланды.
Баспасөз қызметі