Азаматтық құқық және азаматтық үрдіс кафедрасы мектеп және колледж түлектері арасында құқық негіздері бойынша облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиадаға заңгер мамандығына түсуге ниетті Өскемен, облыс мектептері мен колледждерінің осы жылғы түлектері қатысты.
Қазақ, орыс тілдерінде ұйымдастырылған сайыс екі кезеңнен тұрды, 1 кезең 11-18 ақпанда, 2 кезең 22 ақпанда өтті. Алғашында оқушылар эссе жазса, екіншісінде онлайн тест тапсырды.
Олимпиада нәтижесі бойынша 1 орынды Айя Әбдірахманова (№38 мектеп, Өскемен), 2 орынды Богдан Попов (№16 мектеп, Риддер), 3 орынды Ақбар Шабдан (Үлкен Нарын мектебі) иеленді.
Оқушылар мен олардың жетекшілеріне дипломдар және грамоталар табысталды.
Баспасөз қызметі