Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да облыстық «Абай оқулары-2020» байқауы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы V облыстық дәстүрлі «Абай оқулары-2020» байқауын өткізді.

Байқау мақсаты – Президенттің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласының негізгі идеясын жүзеге асыру, жалпыұлттық бағдарын айқындау, ана тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, сөз өнерін сүйетін жеткіншектерге кәсіптік бағдар беру арқылы мамандыққа баулу.

«Өрнегін сендей сала алмас...» сурет көрмесімен басталған іс-шарада қатысушылар кітап көрмесін де тамашалады.

Байқау «Абай жаққан бір сәуле...» атты «Шабыт» студенттер театрының қойылымымен, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлегеннің құттықтау сөзімен ашылды.

Абай мерейтойы аясында ректор Мұхтар Әділбекұлының бастамасымен Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының авторлар ұжымы ақынның қарасөздерін орта буын оқушыларына түсінікті тілмен мазмұндаған «Дананың сөзі – ақылдың көзі» атты кітаптың тұсаукесері болды. Рәсімді Мұхтар Төлеген мен ақын Қалқаман Сарин өткізді. Сонымен қатар, университеттің ғылыми кітапханасы әзірлеген «Abai Digital» мобильдік қосымшасын кітапхананың сектор меңгерушісі Г. Шайкен таныстырды.

Байқауға облыстағы қазақ мектептерінің 10-11 сыныптарынан 34 оқушы қатысты.

Сайыс 3 кезең бойынша өтті. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысы. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – ақын қарасөздері бойынша сайыс (қарасөздер мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру). «Мен бір жұмбақ адаммын...» – абайтану курсы бойынша жедел сұрақтарға жауап беру.

Бұл білім додасында қазылар алқасының төрағасы Өскемен қаласы мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, ақын Қалқаман Сарин болса, мүшелері ШҚМУ профессоры, ф.ғ.д., абайтанушы А.М. Қартаева, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ доценті, ф.ғ.к. Г.Қ. Рақымбаева, Қазақстан-Америка еркін университетінің доценті, ф.ғ.к. Ә.Н. Нұрланова, облыстық «Дидар» газеті бас редакторының орынбасары С.Қ. Әбілхан болды.

Бас жүлдені жеңіп алған Ұлан ауданы І. Айттықов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Қаржаубай Байболсынға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ШҚМУ ректорының оқу гранты табысталды.

1 орынды қанжығасына байлаған – Катонқарағай ауданы Берел орта мектебінің 10 сынып оқушысы С. Жеңісбек. 2 орынды бөліскен – Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы А.М. Тұрдыбаева мен Өскемен қаласы М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектептің оқушысы А. Кеңесханқызы. 3 орынды Қажыкелді атындағы орта мектептен Е. Шағыманова, Болғанбаев атындағы Самар мектеп-лицейінен Д. Қалибекова, Өскемен қаласы Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінен А. Бердығожина иеленді.

Қатысушылар мен олардың жетекшілері университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

 

ШҚМУ-да Абайға арналған ауқымды іс-шара өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы Абай мерейтойына арналған ауқымды іс-шара өткізді.

Шара мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы 2 курс студенті Әйгерім Жұмағалиеваның өнер жолындағы алғашқы қадамы ретінде «Өрнегін сендей сала алмас...» атты графикалық сурет көрмесімен ашылды. Ол Абай өлеңдері, қарасөздері мен әндерінен шабыт ала отырып дудлинг, бір сызық және графикалық стильде суреттер салған.

Байқау университетіміздің «Шабыт» театр ұжымы дайындаған ақын шығармалары негізіндегі сахналық қойылыммен басталды. Бұдан соң кафедраның оқытушылары құрастырған «Дананың сөзі – ақылдың көзі» кітабының тұсауы кесілді. Еңбекте авторлар хәкім қарасөздерін мектеп оқушыларының орта буынына лайықтап жазған. Жас суретші көрмесі мен аталған еңбектің тұсауын С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген мен ақын, қалалық мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Қалқаман Сарин кесті.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының шәкіртақысына қол жеткізу үшін облыстың әр өңірінен жиналған қатысушылар 3 кезеңнен тұратын сыннан сүрінбей өту керек болды. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде қатысушылар ақын өлеңдерін оқыса, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінде қарасөздер бойынша сұрақтарға жауап берді. «Мен бір жұмбақ адаммын...» аталатын ақтық сында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін ортаға салды.

Байқау қортындысы бойынша 3 орынға Өскемен қаласы Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Аружан Бердіғожина, Көкпекті ауданы Ж. Болғанбаев атындағы Самар мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Ділназ Қалибекова, Жарма ауданы Қажыкелді атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Еркеназ Шағыманова жайғасты. 2 орын Өскемен қаласы М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінің оқушысы Альмара Кеңесхан мен Тарбағатай ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушысы Аяужан Тұрдыбаеваға бұйырды. Бас бәйгені Катонқарағай ауданы Берел орта мектебінің оқушысы Сезім Жеңіспек қанжығасына байлады. Ал Ұлан ауданы І. Айттықов атындағы орта мектептің оқушысы Қаржаубай Байболсын ректор грантына ие болды.

Ләззат Қанатқызы,

журналистика мамандығының 3-курс студенті

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo