С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 9-11 сынып оқушылары қатысқан «Парасат» зияткерлік байқауы өтті.
Байқау «Не? Қайда? Қашан?» ойынының форматында ұйымдастырылды.
Аталмыш ойынның мақсаты – қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін, тарихын, өнерін насихаттау, патриоттық тәрбие беру.
Іс-шараны тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі ұйымдастырды.
Баспасөз қызметі