Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да оқыту сапасын арттыруға арналған қосымша жұмыс бағыттары анықталды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқыту сапасын арттыру үшін 2019-2020 оқу жылына арналған бірқатар бағыттар анықталған.

Айталық, жаңа оқу жылында Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін, оқытудың түрлі технологияларын зерттеуге және енгізуге, дәрістерді, семинарлық және практикалық сабақтарды өткізу әдістемесінің инновациялық амал-тәсілдерін пайдалануға, білім алушылардың үлкен аудиториясына арналған оқытудың тиімді стратегияларын әзірлеуге, білім беру үрдісіне үздік оқытушылар тәжірибесін енгізуге, сондай-ақ студенттерді бағалау жүйесін жетілдіруге (критериалды бағалау) ерекше көңіл бөлінетін болады.

Жұмыстың осы бағыттарымен әдістемелік жұмыс және іс-тәжірибе бөлімі, Кәсіби дайындықтың және біліктілікті арттырудың ресурстық орталығы, ЖОО оқытушылары айналысатын болады.

Қашықтық технологиялар бөлімі, Кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы, оқытушылар сонымен қатар электронды оқу-әдістемелік кешенді (ЭОӘК) жетілдірумен, бейнедәрістерді әзірлеумен және жазумен,  бұқаралық ашық онлайн-курстарды (БАОК) әзірлеумен және енгізумен шұғылданбақ.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo