ШҚМУ-да Өскемен оқушыларына арналған «Менің таңдауым – ШҚМУ. Мой выбор – ВКГУ!» іс-шарасы өтті.
Мектеп оқушылары алдында СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякова сөз сөйлеп, университет туралы, білім беру бағдарламалары, оның ішінде академиялық ұтқырлық, ЖОО-ның жаңа жобалары туралы айтып берді. ШҚМУ туралы презентациялық роликтің көрсетілімі ЖОО жайындағы ақпаратты толықтыра түсті.
Бұдан соң университет студенттері концерттік бағдарлама ұсынды.
Іс-шараның екінші бөлімінде факультеттер декандарының және кәсіби бағдар беруші менеджерлердің қатысуымен диалог алаңы өткізілді.
Оқушылар әкімшілік ғимараттағы «Зияткер», «Назарбаевтану» орталықтарында, «Altai jastary» медиа орталығының телестудиясында болып, жұмыстарымен танысты.
Баспасөз қызметі