Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Парасаттың» кезекті ойыны өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Парасат» зияткерлік клубының құрылғанына аз уақыт болса да, ұйымшылдығы арқасында біршама жетістіктерге жетіп жүр.

«Тамшы тама-тама тасты да теседі» дейді. Тамшының тасты тесуі – оның күшінде емес, тұрақтылығында. Ойынның тағы бір саны қараша айының 28-і күні өтті.

«Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы ойын жеңімпаздарына сыйлықтар ұсынса, ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген, оқытушылар ұжымынан Гүлмира Төлеубекқызы зияткерлерге жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетті.

Жарыста 11 команда ішінен «Ділмар» дебат клубының мүшелерінен құралған «Құрама» командасы ауыспалы кубокты жеңіп алса, Зайсан өңірінің ұландарынан жиналған «Зайсан» командасы екінші орынды, ал үш дүркін ауыспалы кубоктың иегерлері – «Физиктер» командасы үшінші орынды місе тұтты.

Ойынға белсене атсалысатын «Жас Отан» ұйымының басшысы Сағадат мырзаға, «Шамшырақ» ұйымына, ШҚМТУ және ҚАЕУ колледжінен келген студенттерге алғысымыз шексіз.

«Парасат» зияткерлік клубы

Қазақ
× You found a Typo