С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да студенттер республикалық қоғамдық штаб мүшелерімен кездесті.
Кездесуге ЖОО-лар мен кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарының студенттері, жастар ұйымдарының, «Жас Отан» жастар қанатының, «Жасыл ел» жасақтарының, полицияға көмекші студенттік жасақтардың өкілдері, жұмысшы жастар қатысты.
Жиынды «NUR OTAN» партиясынан Президентікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді тұлғасы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген ашып, сөз сөйледі.
Сөз сөйлегендер қатарында «Шалқар» радиосының директоры, «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшесі Қ. Сарин, «G 38» жастар көшбасшылары қорының жетекшісі, партия саяси кеңесінің мүшесі А. Ерниязова, ақын, Семей қаласы жазушылар одағының төрағасы М. Қарт, Президентікке кандидат Қ. Тоқаевтың Өскемен қалалық қоғамдық штабының мүшесі А. Қайратова да болды.
Кездесу «Елім менің» әнімен аяқталды. Сондай-ақ, шара аясында көрме және университетке саяхат ұйымдастырылды.
Баспасөз қызметі