- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы «Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту» дөңгелек үстелін өткізді. Оған 60-қа жуық студент пен оқытушы қатысты.
Жиында «Қоғамдық сананы жаңғырту» пәнін оқып жүрген студенттер, яғни қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенттері Әлібеков Эльнар пен Әділет Қайнар «Ұлттық сана», химия мамандығының 2 курс студенттері Қуанышбаева Балауса, Төлеуханова Арайлым, Мұхтар Ақтілек, Мүслімхан Аяулым «Нұр-Сұлтан – елімнің жүрегі», химия мамандығының 2 курс студенті Нұртай Мерей «Мәдени туризм» тақырыптарында баяндама оқыды.
Аға оқытушы Майра Шүршітбай «Бүгінгі таңдағы жастар және адамгершілік құндылықтар» баяндамасын жасады.
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы