- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың бір топ студенті тәрбиелік іс-шара аясында «Алтай Альпісі» демалыс орнында болды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарының 3 курс студенттері «Салауатты өмір салтын ұстанайық» тәрбиелік іс-шарасы аясында топ кураторы Айгүл Әлімxанмен бірге «Алтай Альпісі» демалыс орнына барды.
Студенттер әсем табиғатты тамашалап, шаңғы, стюбпен сырғанады, уақытты қызықты өткізді. Бұл студенттер үшін ерекше есте қалатын күн болды.
Кураторлық сағатты табиғат аясында өткізуге мүмкіндік жасап, автобус бөлген университет әкімшілігіне алғыс білдіреміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының
3 курс студенттері