С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да №1 оқу ғимараты айналасындағы аумақты қоқыстан тазарту бойынша сенбілік өтті.
Сенбілікке ректор, проректорлар, декандар, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, студенттер қатысып, тырнауыш пен сыпырғыны қару етті.
Аумақтарды тазалауға техника да тартылды: трактор мен екі жүк көлігі.
Екі сағаттың ішінде үлкен аумақтағы қоқыс толық жиналып, сыртқа шығарылды.
Баспасөз қызметі