С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Серебрянка балалар музыка мектебі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр.
Кәсіптік даярлық және біліктілікті арттыру ресурс орталығында 25-29 қараша аралығында Алтай ауданындағы Серебрянка балалар музыка мектебі мұғалімдеріне арналған «Музыкалық білім берудің өзекті мәселелері» біліктілікті арттыру курсы өтуде.
Курстың мақсаты – тыңдаушыларды музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдерімен таныстыру.
Оқыту курсын музыкалық білім беру кафедрасының оқытушылары Мужчиль Марина Дмитриевна, Ананьев Юрий Дмитриевич, Карпова Надежда Ивановна жүргізуде.
Кәсіптік даярлық және біліктілікті арттыру ресурс орталығы