Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ш. Әзмұхамбетовтің «Ислам: ішкі және сыртқы жақтан көзқарас» кітабының тұсаукесері өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Шәкерхан Әзмұхамбетовтің «Ислам: ішкі және сыртқы жақтан көзқарас» кітабының тұсаукесері өтті. Ғалымдар, қоғам қайраткерлері пікір білдірді.

– Шәкерхан Әзмұхамбетов – танымал журналист, қоғам қайраткері, облысымыздың тумасы. Жаңа кітапта мұсылман емес батыс және шығыс авторларының ислам туралы туындылары талданады, исламның пайда болуы, дамуы, өзге діндермен байланысы туралы айтылады. Автор күрделі мәселелерді түсінікті тілмен жеткізеді. Бұл – өңіріміздегі ислам туралы публицистика жанрында жазылған тұңғыш кітап. Ол студенттерге, мемлекеттік қызметшілерге, дінге қызығушылық танытатын барша оқырманға қызық болмақ, – деді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Сондай-ақ, Өскемен бойынша ҚМДБ өкіл имамы, облыстық Халифа Алтай мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай құттықтау сөз сөйледі.

Кітап редакторы Г. Пуссеп кітап жайында, авторы жайында айтып, бұл өзі редакторы болған 144-ші кітап екенін атады.

Автордың өзі кітаптың қалай жазылғаны туралы баяндады.

Еңбек туралы ШҚМУ профессоры М. Мағзұмов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі В. Ахаев, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М. Мұхамеджанов, ШҚМУ аға оқытушысы Г. Сәрсенбаева пікір білдірді.

Кітапта В. Розанов, Г. Уэллс,  М. Харт, М. Ходжсон, А. Мюлллер, З. Хунке, Г. Зибель, К. Хилленбранд, Дж. Неру сынды 18-20 ғасырлар авторларының еңбектері негізге алынған.

Басылым Қоғамдық келісім комитетінде дінтанушылық сараптамадан өткен. Студенттерге, магистранттарға, ғалымдарға арналған.  

Ш. Әзмұхамбетов «Веха» және «Ізгілік үні» газеттерінің редакторы болған, көп жыл «Рудный Алтай» облыстық газетінде тілші болды. Мақалалары республикалық газет-журналдарда үздіксіз жарияланып тұрады. «Соколиная судьба» (2006), «Үкілі найза ұстанған үш бәйжігіт» (2017) кітаптарының авторы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo