Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында «ШҚО Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық орталығының қызметі» көрме-демонстрациясы өтті.
Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы Қ. Нұрмұхамбетова ШҚО ПД бас криминалисті, полиция подполковнигі Ж. Көрпебаевтың қатысуымен «ШҚО Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық орталығының қызметі» көрме-демонстрациясын өткізді.
Студенттер белсенді қатысып, криминалист рөлінде өнер көрсетті, баллистикалық, трассологиялық объектілерді зерттеді, ШҚО Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық орталығының қызметіне асқан қызығушылық танытты.
Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы