С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Музыка кафедрасы «Шығыс дарындары» жыл сайынғы облыстық орындаушылық шеберлік байқауын өткізді.
«Аспаптық орындаушылық» және «Эстрадалық вокал» аталымдарында облыстың аудан-қалаларынан келген 120 қатысушы бақ сынасты.
«Аспаптық орындаушылық» аталымында бас жүлдені Өскемендегі №1 балалар музыка мектебінің оқушысы Шынар Мұрат жеңіп алды, мұғалімі – М. Маслова. «Эстрадалық вокал» номинациясында бас жүлде Өскемендегі №44 мектептің оқушысы Аяужан Асылбекке бұйырды, мұғалімі – Ж. Әлханова.
Қатысушылардың ешқайсысы марапатсыз қалмады. Барлық жас дарындарға және олардың жетекшілеріне дипломдар, грамоталар, алғыс хаттар табысталды.
Байқау қорытындысы бойынша гала-концерт ұйымдастырылды, оған жүлдегерлер қатысты. Концертті №1 балалар музыкалық мектебінің Е. Сейсенов жетекшілік ететін үрмелі оркестрі ашты.
Баспасөз қызметі