С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығының ағылшын тілі курстарының тыңдаушылары арасында «Students talk» ағылшын клубының бірінші отырысы өтті.
Сөз сөйлеу тақырыбы көптеген жастардың өзекті мәселесі болды, атап айтқанда, компьютерлік тәуелділік. Семинар барысында Intermediate тобының студенттері Олег Лищук және Әсет Алмас және Pre - Intermediate тобының студенттері Аружан Толықбаева және Балғын Төлегенова өз пікірлерімен бөлісті.
Ағылшын клубының негізгі мақсаты – студенттердің сөйлеу дағдыларын жетілдіру және тілдік кедергілерді жеңу.
Қатысушылар спикерлердің сөздерін тыңдап, өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, ұсынылған тақырыпты талқылауға қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы