№7 оқу ғимаратында Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы азаматтық қорғаныс құрылымдарын табиғи-техногендік төтенше жағдайларды жою міндеттерін орындауға әзірлеу бойынша жаттығу өткізді.
Жаттығуға азаматтық қорғаныс құрылымдарына енген қызметкерлер, оқытушылар, студенттер тартылды.
Оқу-жаттығудың мақсаты – нысанның АҚ және ТЖ іс-шараларын орындауға дайындығын, жарақтарды тексеру, төтенше жағдада ғимараттан адамдарды құтқаруды ұйымдастыру, жиналу қимылдарын пысықтау.
Екі кезеңнен тұрған жаттығуларда өрт кезіндегі іс-шараларды орындап, шартты құтқару, өрт ошағын сөндіру, зардап шеккендерге жәрдемдесу жұмыстарын жүргізу керек болды.
Жаттығу соңында құрылымдардың, қызметкерлер мен студенттердің іс-қимылдарына баға берілді.
АҚ және ТЖ штабы