ШҚМУ-дың «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығында 3-триместрде шамамен 140 студент ағылшын тілін үйренуді бастады.
«2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында биылғы оқу жылында «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика», «Математика», «Туризм» мамандықтарында ашылған көптілді топтардың студенттері үшін бұл жолы ағылшын тілі курстары тегін өткізілмек. Студенттер аптасына 2 рет 3 академиялық сағаттан ағылшын тілі курстарына қатысумен қатар, аптасына 1 рет сөйлеу машықтарын жетілдіру үшін «Fulbright» бағдарламасының волонтеры Джозеф Уильсонның жетекшілігімен әңгімелесу клубына қатысады. Курс жетекшілері сабақта заманауи оқу материалдары мен шет тілін оқытудың тиімді әдістемелерін қолдану арқылы тыңдаушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруда.
«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы