Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Тарбағатай ауданының түлектерімен тікелей эфир өтті

Биология кафедрасы Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында кәсіби бағдар беру жұмысын жаңа форматта жалғастыруда.

«ZOOM» платформасының негізінде және Инстаграм желісінде тікелей эфир арқылы ұйымдастырылған вебинарға Тарбағатай ауданының түлектері шақырылды.

Тікелей эфирге Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің оқытушылары, Тарбағатай ауданы білім беру бөлімінің басшысы Самал Дәуітбаева және әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Нұргүл Құрманғалиева қатысты.

Вебинар барысында мектеп түлектеріне білім беру бағдарламалары жайлы толық мағлұмат беріліп, толғандыратын барлық сұрақтарына жауап берілді.

Биология кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo