- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
14 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі құқықтану мамандығының 1 курс студенттері арасында «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты интеллектуалдық ойын өтті.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-шараның мақсаты – студенттердің танымдық қабілеттерін, білім деңгейлерін, белсендіктерін арттыру, Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық қасиеттерін дамыту.
Ойын барысында студенттер тәуелсіздікке қатысты, тарихымыз бойынша және құқық пәндерінен тапсырмалар орындап, білімдерін көрсетті.
Жоғары білім көрсетіп, белсенділік танытқан Шахмұрат Маратов, Аяулым Оспанова, Назгүл Жұртбаева, Арстанбек Бегалинов мадақтамамен марапатталды.
А. Адайханова,
заң пәндерінің оқытушысы