С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде «Тәуелсіздік, егемендік және патриотизм – біздің құндылығымыз» ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция мақсаты – жастарды патриотизмге, отанға деген сүйіспеншілікке, тарихи мұраға деген мақтанышқа, құқықтық мәдениеттілікке, белсенділікке тәрбиелеу.
Конференцияға гуманитарлы-техникалық мамандықтардың 1-2 курс студенттері қатысты. Қорытындысында қазақ топтарынан 1 орынды Даниель Ержанов (жетекшісі – Әлиев Н.), 2 орынды Гүлім Қожебекова (Бағдатова Қ.), 3 орынды Әмина Манапова (Қарсақбаева Ж.) иеленді. Орыс топтарынан 1 орынды Иван Лукьянов (Нигай Т.), 2 орынды Наталья Боровских (Нигай Т.), 3 орынды Людмила Клец (жетекшісі Ледовских Л.) алды.
А. Адайханова,
С. Аманжолв атындағы ШҚМУ Жоғары колледж оқытушысы