1 қыркүйектен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 13 көптілді топ қызмет етеді.
Көптілді топтар мына білім беру бағдарламаларында қызмет етеді: Химия (3 курс); Дефектология (2 курс); Информатика (2 курс, ТжКБ базасында); Информатика (3 курс); Информатика (3 курс, ТжКБ базасында); Информатика (3 курс, ТжКБ базасында); Физика (3 курс); Физика және информатика (2 курс); Физика және информатика (1 курс); Математика (3 курс); Туризм (3 курс); Халықаралық қатынас (1 курс); Мектепке дейінгі оқыту мен білім беру (1 курс).
ШҚМУ-да 5 бағыт бойынша «2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамыту бойынша жол картасы» әзірленіп, іске асырылуда, олар: «Нормативтік базаны жетілдіру»; «Маман даярлау және біліктілікті арттыру», «Оқу-әдістемелік қамтуды әзірлеу»; «Үштілді білім беруді насихаттау іс-шараларын өткізу»; «Ақпараттық сүйемелдеу».
Университетте 2016 жылдан «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы жұмыс істейді. Орталық – Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару дпартаменті жанынан құрылған ЖОО-ның бөлімшесі. Мақсаты – ШҚМУ-да бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған көптілді білім беруді іске асыру. Орталық жұмысы университет бөлімшелерінің көптілді білім беруді дамыту бойынша жұмысын үйлестіруге бағытталған.
Университетте үштілді білім беру соңғы екі жылда ерекше белсенді іске асырылуда.
Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару дпартаменті