- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша оқитын студенттер арасында дәстүрлі пәндік олимпиада өтті.
Сайысқа қатысушылар шығармашылық жұмыстар орындап, тест тапсырып, білімдерін сарапқа салды. Нәтижесінде 1 орынды Гүлдариға Ахыт – «Жыл филологы», Айсұлу Багитова – «Жылдың үздік лингвисі», Эльмира Орманбек – «Жылдың үздік тілшісі», 2 орынды Аида Амангелді, Тойгүл Аман, Назерке Серікова, 3 орынды Жанбота Маратова, Рыскүл Қайдархан иеленді. 1 курс студенті Данияр Зәйнелов «Үздік эссе» аталымын жеңіп алды.
Гүлдариға Ахыт, Эльмира Орманбек және Аида Амангелді 25-26 сәуірде өтетін ХІ республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, ШҚМУ намысын қорғайды. Сәттілік тілейміз!
Қ.Барбосынова,
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы