- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №7 ғимаратында Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы Сандық технологиялар және модельдеу зертханасымен бірге семинар өткізді.
ШҚМУ-дың ғылым апталығы аясындағы семинарға университет оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, магистранттары, студенттері қатысты.
Семинар заманауи ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелеріне арналды.
5 ғылыми баяндама тыңдалды, олардың ішінде тыңдаушылар қызығушылығын тудырғандары – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті Әміренова Дана (жетекшісі – Тілебалдинова А.С.), «Сандық гуманитаристика» мамандығының 1 курс студенттері Нұрланов Олжас пен Жақпекова Раушан (жетекшісі – Әубәкірова Ж.С.), «Информатика» мамандығының 4 курс студенті Шәден Әлидің (жетекшісі – Кәрменова М.С.) баяндамалары.
Аталған студенттерді ШҚМУ ҒЖ және ХҚ департаментінің директоры С. Ковалев грамотамен марапаттады.
Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы,
Сандық технологиялар және модельдеу зертханасы