Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Л. Жаманбаева кафедра онкүндігі шеңберінде тарих және халықаралық қатынастар мамандықтары студенттеріне «Жаңа форматтағы гуманитарлық білім» ашық дәрісін өткізді.
Дәрісте гуманитарлық білімнің маңызы айтылып, елімізде 1995 жылы қабылданған тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасына, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы гуманитарлық білімді дамыту іс-шараларына талдау жасалды.
Оқытушы «100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде аударылып, басылып шыққан оқулықтарға тоқталды. Студенттерді әр оқулықпен таныстырып, өз мамандықтарына сәйкес қай пәнде қай оқулықты пайдалану керектігі туралы ақпарат берді.
Дәріс жоғары деңгейде өтіп, тыңдаушылар тарапынан қызығушылық тудыра білді.
Қазақстан тарихы кафедрасы