С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында «Жаңғыртылған сана моделі» әдістемелік семинары өтті
Негізгі баяндаманы әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, «Алтайтану» ҒЗО бас ғылыми қызметкері Э.О.Столярова жасады.
Семинарға Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары, магистранттар мен бакалаврлар қатысты.
Жиында білімнің мазмұны мен құндылығы, адамның физикалық және психикалық денсаулығы саласындағы қоғамдық сана эволюциясы, отбасы рөлдерінің заманауи жағдайларға бейімделуі сынды қазіргі қазақстандық қоғам үшін өзекті мәселелер талқыланды.
Семинар соңында қоғамдық сананы жаңғырту мәселелерін талқылауды жалғастыру ұсынысы айтылды.
Баспасөз қызметі