С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде онлайн нұсқада «Жас мамандар мектебінің» отырысы өтті.
Отырыста оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтан оқыту талаптарын орындау жолдары, қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыруда оқу-әдістемелік кешенмен қамту негіздері, бейнесабақтар әзірлеу жолдары бойынша нұсқаулықтар, бейнесабақтар әзірлеудің басты талаптары талқыланды.
Талқылауда колледж әдіскері Ж.К. Қарсақбаева, директордың ОІЖ орынбасары Б.Т.Төлегенова, жас маман, арнайы пәндердің оқытушысы Қ.Е. Мәукенова сөз алды. Онлайн-отырысқа колледждің барлық жас мамандары мен тәжірибелі оқытушылары қатысты.
Отырыста туындаған сұрақтарға жауаптар, ұсыныстар берілді. Қарастырылған сұрақтар бойынша нұсқаулықтар, материалдар WhatsApp, электорынды пошта арқылы таратылатын болады.
Жоғары колледж