- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жоғары оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» атты республикалық семинар өтті.
Семинарға Қазақстан Республикасының 25 Жоғары оқу орындарынан келген филолог ғалымдар, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әр саласында еңбек етіп жүрген ғылыми білікті мамандар қатысты.
Семинар отырысында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының ғалымдары ф.ғ.д., профессор А.М.Картаева, ф.ғ.к., доцент Б.Н. Бияров, ф.ғ.к., доцент А.Ә.Әлімхан баяндама жасап, Шығыс Қазақстан өңіріндегі ономастика, топонимика, латын графикасына көшу, әдеби өлкетанудың өзекті мәселелері жайын баяндады. Семинарға қатысқан өзге ғалымдар жарыссөзге шығып, өз ойларын ортаға салды.
Семинар соңынан қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы