- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
24 ақпанында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында «Жоғары оқу орындарының академиялық дамуы: шетелдік тәжірибе» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарға университеттің 18 оқытушысы тыңдаушы ретінде қатысты. Семинарда б.ғ.к., биология кафедрасының меңгерушісі А.А Китапбаева ЖОО-на ғылыми қызметті ұйымдастыру бойынша біліктілігін арттырудан өту есебі (Польша, Адам Мицкевич университеті); экономика және басқару кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы Т.А.Абылайханова «Польшадағы экономикалық білім берудің ерекшеліктері» (Польша, Адам Мицкевич университеті); биология кафедрасының аға оқытушысы Б.К.Карменова «Өсімдіктер физиологиясы» бойынша біліктілігін арттырудан өту есебі (Алтай Мемлекеттік Университеті, Барнаул қаласы); Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана инженер – операторы Акатан Кыдырмолла «ЯМР -спектрометрді үйрену» (Новосибирск қаласы, Новосибирск мемлекеттік ұлттық ғылыми-зерттеу университеті) баяндамалары тыңдалды.
Польша, Ресей елдерінде білім беру жүйесі мен инновациялық педагогикалық технологиялар, олардың озық тәжірибесін университетімізге енгізу жолдары туралы әңгімелесе және ғылым саласындағы жетістіктерін сөз етті. Семинар терең мазмұнымен, тәжірибелік құндылығымен тыңдаушыларын тәнті етті.
Біліктілікті бекіту орталығы