Беделді, танымал, бәсекеге қабілетті жоғары оқу орны – бұл ең алдымен, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие білім беру бағдарламалары. Бүгінгі таңда бұл үрдіс ШҚМУ үшін басты қағида болып табылады.
Каникулдық күндері де университет кафедраларының оқытушылары қызу жұмыс жасауда. Білім беру бағдарламаларын өзектендіру, сондай-ақ білім берудің жаңартылған мазмұны аясында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ең маңызды мәселелерін талқылау бойынша оқу орнымызда белсенді жұмыс жүргізілуде.
Жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу, дамыту және өзектендіру бойынша жобалау комитеттерінің отырыстары ұйымдастырылды,түлектердің талап етілетін құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында жаңа пәндерді енгізу бойынша серіктестердің ұсыныстары егжей-тегжейлі қаралды.
Білім беру бағдарламаларының Реестрінде көрсетілген сарапшылардың ұсыныстары талданды. Элективті пәндер каталогын жаңарту, курстарды біріктіру және оңтайландыру, әріптес-кәсіпорындар мен ұйымдардан үздік тәжірибелерді тарту мәселелері белсенді талқылануда.
Университеттің білім беру бағдарламаларын өзектендіру үдерісі «Білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері: теориядан практикаға дейін" атты әдістемелік практикум аясында үздік педагогикалық тәжірибені қатар меңгерумен қатар жүрді, ол бір апта бойы Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының, ШҚО бойынша "Өрлеу "біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ өкілдерінің, университет оқытушылары мен облыс мектептерінің мұғалімдерінің қатысуымен университет базасында өткізілді.
"Жаңа жылға – жаңартылған және сұранысқа ие білім беру бағдарламаларымен!",- университеттің ұраны осындай.
Академиялық саясат және
білім беру бағдарламаларын
басқару департаменті