С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың заманауи психофизиологиялық зертханасы психодиагностиканы және өзге де бірегей зерттеулерді орындауға мүмкіндік береді.
Зертхана құрал-жабдықтары ішінде «Дэльфа-142» логопедиялық тренажеры, аудиометр, «Қараңғы сенсорлық бөлме», «Томатис» аспабы, «МастерГраф» графологиялық мәтіндік процессоры (психографологиялық талдау), ЭЭГ (электроэнцефалограф), БКБ-аппарат («Биологиялық кері байланыс жүйесі»), компьютерлік психодиагностикалық әдістемелер жиынтығы және басқалар бар.
Зерттеулерді университеттің жоғары білікті мамандары жүргізеді.
Баспасөз қызметі