С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Бірінші курс студенттері – 2019» дәстүрлі жыл сайынғы байқауының бірінші күні Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті мен Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті өнер көрсетті.
Ертең, 20 қарашада, сағат 17-00-де Экономика және құқық факультеті мен Психология, педагогика және мәдениет факультеті студенттерінің сайысы өтеді.
Ал 21 қарашада «Бірінші курс дарындары – 2019» байқауының қорытынды гала-концерті өтеді. Басталуы – 18-00-де.
Баспасөз қызметі