- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де Экономика және құқық факультетінің 25 жылдығына арналған "Қоғам, мемлекет, құқық, экономика: заманауи әлемдегі қарым-қатынас проблемалары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысына ШҚО ЖОО-ларының, Ресей, Қырғызстан, Польша, АҚШ экономика және құқық ғылымы саласындағы өкілдері, облыстық және қалалық құқық қорғау органдарының, мемлекеттік басқару органдарының, сонымен қатар алдыңғы қатарлы кәсіпорындар мен ұйым өкілдері қатысты.
Пленарлық отырыс барысында ғылым саласының өкілдері баяндама жасады.
Баспасөз қызметі