11-ші маусым күні ғылыми-техникалық кеңестің кезекті онлайн отырысы өтті. Онда төрт мәселе қаралды.
Кездесуге ҒТК мүшелері мен ШҚМУ жоғарғы колледжінің директоры қатысты. Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякованың төрағалығымен өткен ғылыми-техникалық кеңестің күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды: «М/б тақырыптарын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырудың сұрақтары мен мәселелері», «ҒТК 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау», ««Үздік жас ғалым-2019» байқауының нәтижелері туралы» және «Монографияларды талқылау және ұсыну».
Ғылыми-техникалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, ұсыныстар берілді.
ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі