С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне жыл сайын «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы және Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері оқуға түседі.
Осылайша, ағымдағы оқу жылында университетке екі халықаралық дәрежедегі, 20 ҚР спорт шебері және 57 спорт шеберіне кандидат оқуға түсті. Олар ЖОО мақтаныштары!
Сіздерді «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға шақырамыз. Бізбен бірге биіктерді бағындырыңыздар!
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы