С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымы мен студенттері ел болып қолдау тапқан «Мен – қазақпын» ән шеру челленджіне қатысты.
Бүгінгі жастарды патриоттық рухта тәрбелеу – Тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.
Осы мақсатта ел болып қолдау тапқан «Мен – қазақпын» ән шеру челленджін университет ректоры, профессор М.Ә. Төлеген Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлынан қабыл алып, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Қуанышбаев Сейітбек Бекеұлына жолдады.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі