Университет оқытушылары мен басшыларына «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де жемқорлықпен күрес стандартын жүзеге асыру» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.
Вебинар модераторы - Этика бойынша өкілетті, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова.
Ирина Владимировна вебиеарға қатысушыларды мүдделер қақтығысын, оқу үдерісіндегі және ғылыми қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, ШҚМУ-да жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына әкелетін жемқорлықпен күрес стандартының қағидаларымен таныстырды.
Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы, «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлмира Байркенова спикер ретінде баяндама жасап, кеңсенің жұмысы туралы айтып берді.
Баспасөз қызметі