С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «Студент көктемі -2019» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Фестиваль гала-концертпен аяқталды.
«Студент көктемі-2019» байқауында тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті 1 орынға ие болды, психология,педагогика және мәдениет факультеті 2 орын, ал жаратылыстану ғылымдары және техгнологиялар факультеті 3 орынды місе тұтты.
Барлық жеңімпаздарды ЖОО ректоры М.Ә. Төлеген және тәрбие ісі жөніндегі проректор А.Г. Толамисов марапат қағаздарымен және ақшалай сертификаттармен марапаттады.
Баспасөз қызметі