С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен оқытушылары Ұлттық Домбыра күні қарсаңында, университет ғимараты алдындағы алаңда бейнеқұттықтау өткізді.
Көрермені жоқ концертте университет оркестрі ұлттық музыкалық әуендерді орындап, студенттерден құрылған би тобы ұлттық киім киіп, би биледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдан бастап шілде айының бірінші жексенбісі Қазақстанда Ұлттық Домбыра күні болып атап өтіледі.
Баспасөз қызметі