Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ деканы Өскемендегі №20 мектепте семинар өткізді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Тарих, филогогия және халықаралық қатынастар факультетінің деканы, тарих ғылымының кандидаты  Әлия Өскембай А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде 10-11 сынып оқушыларымен «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда қазақ елінің тарихына шолу жасалып, өркениет пен мәдениеттің ошағы саналған қасиетті мекеніміздің ерекшелігі жан-жақты талқыланды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларына салмақты талдаулар жасап, еліміздің болашағы отан тарихын жақсы меңгерген ұрпақтың қолында екені аталып өтті.

Сонымен қатар, тарихшы аталған мақалалар негізінде университет тарапында жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталды. Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, университетте өтетін ҰБТ-ға дайындық курсына шақырды.

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті 

Қазақ
× You found a Typo