ШҚМУ студенттері «KKO.KZ» веб-сайты ұйымдастырған физикадан республикалық қашықтық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды.
Химия кафедрасы дайындайдын «Химиялық криминалистикалық сараптама» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері «KKO.KZ» веб-сайты ұйымдастырған физикадан республикалық қашықтық олимпиададан жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды. Жетекшілері – аға оқытушы Күлбаршын Тілеуқанқызы Иманжанова.
Қазақ тілді топтар бойынша Қайырбеков Нариман 1 орын (100 ұпай), Нұрсұлтанова Айғаным 2 орын (86 ұпай), Абимолдина Айым 2 орын (80 ұпай), орыс тілді топтары бойынша Бережной Александр 1 орын (100 ұпай), Нұрбекова Айкөркем 1 орын (100 ұпай), Акижанова Айсұлу 1 орын (93 ұпай), Глазунова Анастасия 3 орын (73 ұпай) алды.
Сонымен қатар, Нариман Қайырбеков жаратылыстану ғылымдарының магистрі, физика кафедрасының аға оқытушысы К. Иманжанованың жетекшілігімен физика пәнінен «Электромагнитті өріс» бүкілресейлік білім беру онлайн олимпиадасында 1-орынға ие болды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, жоғары жетістіктер тілейміз!
Химия кафедрасы