«Ең үздік ЖОО оқытушысы» атағы берілетін республикалық байқау қорытындыланды. «Ең үздік ЖОО оқытушысы» мәртебесеі 43 оқу орнының 200 мұғаліміне берілді.
Адал еңбектері мен істеріне деген сүйіспеншілігің арқасында «Ең үздік ЖОО оқытушысы» мәртебесін жеңіп алған, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушыларын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да тек биіктерден көрінулеріне тілектеспіз.
Бұл оқытушылардың жоғары кәсіби біліктілігі мен инновациялық потенциалына, жаңашылдығына, ғылыми жұмыстарына берілген жоғары баға болып табылады.
Жалпы байқауға еліміздің 80 оқу орнынан 481 үміткер қатысқан болатын.
Баспасөз қызметі