С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мамандары Автоматтандырылған ақпараттық жүйені (ААЖ) және Білім және ғылым министрлігінің жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесін (ҚР БҒМ ЖБББЖ) үйлестіріп шықты.
Аталмыш жұмысты Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және цифрландыру орталығы БҒМ ұсынған «ПЛАТОНУС» бағдарламасы лицензиясының мерзімі аяқталуына байланысты жүргізді. Сондықтан аталған бағдарламалық қамтудан толық бас тарту ұйғарылды.
АТҚжЦО мамандары жаңа, жеке бағдарламалық қамтуды әзірледі, ол мәліметтерді университеттегі ААЖ-дан ЖБББЖ жүйесіне «ПЛАТОНУС» бағдарламасынсыз тікелей АРІ арқылы жібереді.
Бүгінде ЖБББЖ жүйесіне студенттер, түлектер, кадрлық құрам, студенттердің қозғалысы, бұйрықтар, оқу жоспарлары, білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер жолданады.
Баспасөз қызметі