Ерлан Баденбаев мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, Александр Акулов Риддер қаласының прокуроры лауазымдарына тағайындалды.
Ерлан Нұрмұхаметұлы бұған дейін Үржар ауданы прокуратурасын басқарған.
– Е. Баденбаев 1974 жылы Өскемен қаласында туған. ШҚМУ-ды аяқтап, отан алдындағы борышын өтеген соң 2000 жылы Ұлан ауданы прокуратурасына қабылданды. Облыс прокуратурасында еңбек етті. Зырян ауданы прокурорының орынбасары, Шемонаиха және Үржар аудандарының прокуроры болды. Еңбек өтілі – 19 жыл, – деп хабарлайды облыс прокуратурасы.
Александр Александрович Акулов бұған дейін Шемонаиха ауданы прокуратурасын басқарыпты.
– А. Акулов 1978 жылы Зырян ауданында дүниеге келген. ШҚМУ-ды бітірген, прокуратура органдарында 2006 жылдан қызмет етеді. Зырян ауданы, облыс прокурорларының көмекшісі болған. Еңбек өтілі – 12 жыл, – деп мәлімдейді облыс прокуратурасы.
Баспасөз қызметі