Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың эколог-студенттеріне діни эктремизм мен терроризмге қатысты тәрбие сағаты өткізілді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экология және география кафедрасының оқытушысы С. Құмарбекұлы экология мамандығының 2-4 курс студенттеріне «Құқықтық және полимәдени тәрбие беру» бағыты бойынша «Діни эктремизм және терроризм» ашық тәрбие сағатын өткізді.

Соңғы жылдары дүние жүзінде дінге қатысты өзекті мәселелер мен өткір тақырыптар  күн тәртібінен түспей тұр. Осыған орай ШҚМУ студенттері арасында түрлі алдын алу шаралары ұйымдастырылуда.

Іс-шара мақсаты ұрпақты өмір қауіпсіздігі мен жанашырлыққа, адами қасиеттерге тәрбиелеу болды. Сабақ сұрақ-жауап, пікірталас, бейнероликтерден құралды.

ЭК16В және ЭК18В топтарының кураторы С. Құмарбекұлы тәрбие сағатын қорытындылап, студенттерді ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтауға біркісідей атсалысуға шақырды.

Экология және география кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo